Франциядан Ресейдің 6 дипломаты қуылды

0
45

Франция Ресейдің тағы 6 дипломатын елден қуды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оларға «тыңшылық жасады» деген айып тағылған. Тиісті құжат еуропалық елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Францияның арнайы қызметі тергеу жүргізіп, Ресей елшілігінің қызметкерлері француз мемлекетінің ұлттық мүддесіне қарсы жұмыс істеді деген қорытындыға келген. Естеріңізге сала кетейік, осы айда ресми Париж Ресейдің Украинада әскери операция бастаған әрекетіне наразылық ретінде 35 дипломатты еліне қайтарған болатын.
(Фото: emprussia.ru)