Министр жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатынын айтты

0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бойынша шешім қабылданғанын, ол сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Автонесиеге келетін болсақ, бүгін отырыста шешім қабылданды. Бұрын айтқанымдай, осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі», — деді Өскенбаев.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы сәуірден бастап жұмыс істей бастайтыны айтылған болатын. Бағдарламаға утильалымнан түскен 100 миллиард теңге бөлінеді.

(фото: novoetv)