Украинадағы қақтығыста 20 журналист көз жұмды

0
35

Украинада қарулы-қақтығыс басталғалы әуе шабуылдарынан бұқаралық ақпарат құралдарының 20 қызметкері көз жұмды.

Бұл статистиканы Украинаның ұлттық журналистер одағы ұсынып отыр. Оның ішінде операторлар мен тілшілер де бар. Марқұмдардың арасында шет елдің БАҚ өкілдері де кездеседі. Мамандардың айтуынша, осыдан бір апта бұрын қара тізімде 18 тілші болған. Жуырда медиа саласындағы тағы екі маман көз жұмғаны белгілі болды.

(Ақпарат: 24.kz, фото: first-edu.com)