«Айфон» құрастырушы зауыттың жұмысы уақытша тоқтады

0

Қытайдың Шанхай мен Куньшань қалаларында «Айфонды» құрастырушы зауыттардың жұмысы уақытша тоқтап тұр.

Оған аталған шаһарларда коронавирус індетінің өршуі себеп. Өйткені вирустың таралуын тежеу үшін енгізілген карантиннен зауытқа қажетті бөлшектерді жеткізу тізбегі бұзылған. Шанхай шектеулерді сәл бәсеңдеткенмен тыйымдар әлі де тауар жеткізу істерін ақсатып тұр. Ал Куньшань билігі шектеулер сақталатынын айтып отыр.
(Ақпарат: 24.kz, фото Antonio Villas-Boas/Insider)