Украинадағы әскери жағдай тағы бір айға ұзартылды
Украина президенті Владимир Зеленский елдегі әскери жағдайды 25 сәуірге дейін ұзарту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл 24 ақпанда 30 күн мерзімге енгізілді.
Ресей мен Украина тараптарының келіссөздері күн сайын онлайн режимінде өтеді. Жұма күні ресейлік делегацияның басшысы келіссөздер «жарты жолда, бір орныннан жылжымағанын» айтқан болатын.
Сондай-ақ Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы 16 наурыз, сәрсенбіге қараған түні жарияланған негізгі есебінде Ресей 20 күндік соғыста басқыншылық күштерінің жартысына жуығын жоғалтқанын мәлімдеді.
Бас штабтың ақпаратына сәйкес, Ресей әскери басшылығы Ресей Федерациясы аумағындағы жоғары әскери оқу орындарының курсанттарын Украинаға қарсы әскери операцияларға қатыстыра отырып, мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдаған.
Украина арналары соңғы минуттарда бүкіл елде дерлік Полтавадан Львовқа және Киевтен Одессаға дейін әуе ескертуі жарияланғанын жеткізді.
Украинаның батысындағы Львов қаласында осы уақытқа дейін соғыстың ауыртпалығынан құтылған қалалардың өзінде әуе дабылдары қағылып жатыр, бұл бейбіт тұрғындардың әуе шабуылдары кезінде жер асты бункерлерін паналауы керек екенін ескертті.