Қытаймен жұмыс істейтін Назарбаеваның компаниялары тексеріліп жатыр

0
1040
Фото orda.kz сайтынан алынды

Алматы облысында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаеваға тиесі компаниялар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Алматы облысында бір аптадан бері ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Олар Қытаймен шекарада бизнес жүргізетін және Әнипа Назарбаеваға қатысы бар компаниялардың қызметін тексеріп жатыр», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігі астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.

Бұған дейін, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.

Бұл туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

«16 наурызда Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Қазақтелеком» АҚ-ның аса ірі көлемдегі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаржысын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Антикор басшысы Олжас Бектенов Сатыбалдыұлының Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшпақ болғанын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ұрлықтың бірқатар түрлері бойынша қаржы көлемі анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» кеңселері де тінтілуде.

«Менің ойымша, біз тиісті сараптамалар жүргізгеннен кейін ұрланған қаржы көлемін айта аламыз. Әзірге белгілісі әңгіме миллиардтаған ақша туралы», – деді ол.