Путинді трибуналға тарту туралы петицияға миллионнан астам қол жиналды

0
1007
Фото lv.sputniknews.ru сайтынан алынды

Петиция авторлары Путинді трибуналға «Нюрнберг стилінде» әкелуге шақырды. Үндеуге миллионнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Петицияны жасаушылар Украинадағы соғысқа кінәлілердің барлығын сотқа беруді талап етеді. Құжатта, атап айтқанда,  Ресей президенті Путинге қатысты айтылған.

«Оны (Путинді) жауапқа тартудың күшті жолы бар: оны осы жантүршігерлік әрекеті үшін жеке айыптап,  Нюрнберг үлгісіндегі жаңа трибуналға тарту керек», — делінген петицияда.

Петицияға осы уақытқа дейін 1,1 миллионнан астам қол жиналды. Олардың саны минут сайын арта түсуде.

Нюрнберг соты – нацистік Германияның бұрынғы басшыларына қатысты әлемдегі ең әйгілі сот процесі. Ол 1945 жылғы 20 қарашадан 1946 жылғы 1 қазанға дейін Нюрнбергтегі (Германия) Халықаралық әскери трибуналда өтті.