Украинада соғыс жағдайы енгізілді | КТК
Жоғары Рада «Украина Президентінің «Укаринда соғыс жағдайын енгізу туралы» Жарлығын бекіту туралы» заңды қабылдады.
Заңжобасына 276 депутат дауыс берді. Украина президенті отырыс барысында жарлықтың кейбір тұстарын өзгерткенін айтты. Ол соғыс жағдайын бүкіл Украина аумағына емес, кейбір облыстарға ғана енгізуді ұсынды.
Порошенко айтып отырған облыстар Ресеймен шекаралас жерде және Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасында орналасқан. Олардың ішінде Одесская, Николаевская, Херсонская, Запорожская, Луганская, Донецкая, Сумская, Харьковская, Черниговская, Винницкая облыстары бар.
Құжатта әскери қолбасшыларға, атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Украина қорғанысын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау, халықтың қауіпсіздігін және мемлекет мүддесін қорғау тапсырылған. Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады — 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін.
Айта кетейік, Украинада соғыс жағдайы жексенбіде, 25 қарашада болған теңіз дауына байланысты енгізіліп отыр. Сол күні ресейлік шекарашылар Керчь бұғазында атыс шығарып, украиналық үш әскери кемені тоқтатқан еді.