Қазақстандық футбол клубтарындағы орташа жалақы аталды — Футбол

0

Sporting Intelligence cайты әлемдік футбол командаларының 2018 жылғы орташа табысын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Англия премьер-лигасы ойыншыларының табысы ең жоғары екені анықталды. Англия премьер-лигасы командасының футболшылары орташа есеппен жылына 3,93 миллион доллар (1,4 миллиард теңге) табады екен. 

Сондай-ақ, табысы жоғары команданың үштігіне испаниялық Ла Лига (2,89 миллион доллар) мен италиялық  Серия А (1,99 миллион) кіреді.

Ал қазақстандық команда бұл тізімде 25-орынға тұрақтады. Қазақстан премьер-лигасы орташа есеппен жылына 148 мың доллар (55 миллион теңге) табады.

Табысы жоғары 10 команданың тізімі:

1. АПЛ (Англия) — 3,93 миллион доллар;
2. Ла Лига (Испания) — 2,89;
3. Серия А (Италия) — 1,99;
4. Бундеслига (Германия) — 1,83;
5. Лига 1 (Франция) — 1,3;
6. Суперлига (Қытай) — 1,05;
7. РПЛ (Ресей) — 877мың доллар;
8. Суперлига (Түркия) — 864;
9. Серия А (Бразилия) — 670;
10. МЛС (Канада, 3 клуб) — 519.

Әлемнің ең көп ақы алатын футболшыларының табысы жарияланды