Жаһандық жылынуды алдын алу үшін Күн көзін көлегейлеу ұсынылды

0

Жаһандық жылынуды алдын алу үшін Күн көзін көлегейлеу ұсынылды

Гарвард және Йель университеті ғалымдары жаһандық жылынудың алдын алу үшін ерекше әдіс ұсынды.

Environmental Research Letters басылымы жаһандық жылынуды алдын алу мақсатында Күн сәулесінің Жер шарына түсуін азайту керек екенін жазған. Ол үшін стратосфера қабатына химиялық қоспаны шашу ұсынылған. Бұл ұсыныс аясында 20 шақырым биіктікке сульфаттар қоспасын шашу қарастырылған. 

Бірақ, ғалымдардың пікірінше, үлкен көлемдегі химиялық қоспаларды шашатын ұшақ әзірге жасалмаған. Тек, бұл үдерісті 15 жылдан кейін ғана жүзеге асыруға болады екен. Мамандардың айтуынша, оған кететін шығын 3,5 миллиард доллар көлемінде болмақ.

Ғалымдар бұл бағдарламаның іс-жүзінде жүзеге асатынына күмәнмен қарайды. Себебі, сулфаттарды стратосфера қабатына шашқаннан кейін ауа райы қалай өзгеретінін ешкім де дөп басып айта алмайды. Ғалымдар химиялық қоспаның ауа қабатына керісінше әсер етіп, Жер бетінде құрғақшылық пен басқа да табиғи апаттар көбейіп кететіне де алаңдаулы.