Украина ұшақты зымыранмен атып түсіруі мүмкін деген болжам айтты

0
5

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Тегеран жанында украиналық жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тағы бір болжам айтылды – ұшақты зымыранмен атып түсіруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Украинаның қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ирандағы Boeing ұшағының апатқа ұшырауына қатысты негізгі болжамдарды айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Ұшақтың құлауына қатысты түрлі нұсқалар зерттелуде. Оның негізгілерін атап өтсек, ұшақты зенитті зымыран кешенінің ракатесы, оның ішінде «Тор» ракетасымен атып түсіру сынды болжам бар. Себебі, интернетте апат болған жердегі үйінділерден ресейлік зымыранның табылғаны жөніне ақпарат тарады. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппаратпен немесе басқа да ұшатын объектілермен соқтығысуы, техникалық себептерге байланысты ұшақ қозғалтқышының жарылуы және істен шығуы, террорлық әрекет салдарынан ұшақтың ішінен жарылуы сынды болжамдар қарастырылуда», – деді Украинаның қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов «Цензор. нет» басылымына берген сұқбатында.

Кеңес хатшысы Украинаның өкілдері Иран билігімен апат орнына барып, зымыранның қалдықтарын іздеу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Желіде ұшақ апаты болған жерден жаңа видео жарияланды 

Ол Киев барлық мәселе бойынша, оның ішінде «қара жәшіктегі» жазбаларды зерделеу бойынша Тегеран көмек көрсетеді деген үмітте екенін жеткізді.

Ирандағы ұшақ апаты

8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 176 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі. Ұшақта болғандардың бәрі көз жұмды.

Сондай-ақ ҚР сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.



sputniknews.kz