Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер бар — Олжас Құдайбергенов

0
816

Танымал экономист Олжас Құдайбергенов facebook парақшасында бүгінгі Үкіметте өткен жиын туралы пікір қалдырды деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Бүгін кеңейтілген жиын өтіп, онда көптеген мәселелер қозғалып, президент дипломатиялық тұрғыдан үкіметке орташа баға берді.  Оның көпшілік алдында ұстамды баға беруге тырысатынын ескерсек, шын мәнінде үкімет жұмысына көңілі толмайтынын ескеруге болады.
Екінші жағынан, мен мемлекеттік басқару жүйесі бір ғана аспектіде ғана өзгерді деп айта аламын. БЕЛГІЛІ ОтбасыНЫҢ факторы жойылды. Әйтпесе, әсте ештеңе өзгере қойған жоқ – сол баяғы бюрократия, шешім қабылдаудан қорқу, өз балаларын, туыстарын қажетті қызметке көтеру.
Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер де бар.

Мәселен, Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжанов — жалпы ел тарихындағы өз қызметін орындай алмайтын ең нашар орынбасар болып табылады.  Оған ауылды да сеніп тапсыра алмайсың. Тағы да бір осындай шенеуніктер бар.
Олар өз креслосы үшін алаңдамайды, алайда өзгелерге әртүрлі лауазымды беруге атсалысып жүр.
Олар барда Жаңа Қазақстан артық мүмкіндіктерге қол жеткізе алмайды!