Тоқаев Бас прокуратураға Артспортқа бөлінген қаржының жұмсалуын тексеруді жүктеді

0
72

 Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

«Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту керек. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы құзырлы министрлік пен әкімдіктерге «Артспорт» жобасының жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауды міндеттеді. «Бұған дейін бөлінген қаржының жұмсалуын тексеру керек. Бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі. Анықталған кемшіліктерді үкіметпен бірлесіп жою қажет», — деді Президент.