«Қазақтелеком» «Вечерний Алматы» газеті мен ҚазТАГ-ты сотқа бермек

0

«Вечерний Алматы» және «Алматы ақшамы» газеттерін шығаратын «Alatay Aqparat» ЖШС мен ҚазТАГ ақпарат агенттігіне «Қазақтелеком» туралы бұрын жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды талап ететін сотқа дейінгі хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Orda.kz

«Вечерний Алматы» осыған дейін «Жұмыссыз оператор: «Қазақтелеком» байланыс нарығында күмәнді бизнеспен айналысады» деген мақаласын жазған еді. Онда оператор редакцияларды секундына 8 мегабит жылдамдықпен «ашық емес тарифтермен» интернетпен қамтамасыз еткенін мәлімдеді. Газет «Қазақтелеком» редакциядан әрең дегенде интернетке қосылғаны үшін айына 480 000 теңге өндіріп алғанын, оның «байланыс нарығында күмәнді алаяқтықпен айналысатынын» және «алаяқтыққа ұқсас» әрекеттерін алға тартады.  «Қазақтелеком» хабарламада «ай сайынғы есептеулердің жалпы сомасы 332 500 теңгеден аспады» деп мәлімдеп, көрсетілген ақпаратты жоққа шығаруды талап етеді.

ҚазТАГ «Вечерка» басылымының жарияланымды қайталауына байланысты сотқа дейінгі хабарлама алды. Сонымен қатар «Қазақтелеком» басшылығында сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің отырғаны туралы қосымша ақпарат қосылған. Мәселен, онда Батыр Маханбетәжиев, «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры — басқарма мүшесінің аты-жөні бар. Ол 2016 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің бұрынғы төрағасы Болат Қалянбековтің атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған болатын.  Осыған байланысты ҚазТАГ ұлттық байланыс операторының баспасөз хатшысына: «Сыбайлас жемқорлық қылмысын мойындаған азамат неліктен ұлттық компанияда жоғары лауазымды қызмет атқарады?» деп сұрады.

Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» мобильді интернет нарығын монополиялап алғанын, оның нарықтағы мемлекеттің үлесін азайту керегін айтқан еді. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырмалар мен мемлекеттік операторлардың санын қысқарту қажет деп санайды.