Үкімет көпбалалы аналарды тағы алдады ма?

0

«Көпбалалы аналардың үй кезегін жалпы кезектен бөлек жасаймыз» деген үкімет халықты тағы алдады ма? Көпбалалы аналарға жасаған үй кезегін қайтадан жалпы кезекке қосып жібергені рас па?

Жалпы, Тоқаевтың «еститін үкіметіне» бір кеңес:
Көпбалалы аналардың, мұқтаж жандардың баспанаға мұқтаждық мәселесін жоюдың бір жолы — ӘР ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫН өзі салған ӘРБІР ҮЙДЕН (эконом-класс болсын, элиталық үй болсын — әрқайсысынан) бір пәтерді көпбалалы аналарға беруге міндеттеу керек.

Жүздеген үй, мыңдаған пәтер сатып отырған миллиардер үшін бір үйден бір пәтерді халыққа сыйласа, одан оның байлығы кеміп, ырысы ортайып қалмайды. Қазақша айтқанда, «мұрты да бұзылмайды». Керісінше, халықтың, жаутаң періштелердің алғысын алады. Батамен одан сайын көгеріп, өсіп-өнетін болады.

Ол пәтер, кемінде, үш бөлмелі болуы тиіс. Сонда күйіп тұрған баспана мәселесі, кедейшілік мәселесі біршама шешіледі.

Тіпті, сол үй алған көпбалалы отбасындағы күйеуін немесе әйелін, немесе ержеткен ұл-қызын сол өздері тұрған подъезді жуып-тазалайтын жұмысқа алып, сол еңбегіне жалақы берсе, олардың күнкөрісі біршама дұрысталар еді.

Бұл идеяға Сіздер не дейсіздер?

Сәуле Әбілдаханқызы, Facebook парақшасынан