5 бала трагедиясы: Министр өрттің неден шыққанын айтты

0

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысында бес баланың өмірін қиған өрттің шығуына сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін деп болжады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

«Мен анасының бес баласын, оның ішінде жеті айлық баласын қалдырып, үйден кетуіне не себеп болғанын толық білмеймін. Мүмкін бірнеше себеп болған шығар. Қазір тергеу жалғасуда. Көп қабатты үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Пеш болды деген дерек расталмады. Оқиға орнынан электр сымдарының тұтастығының бұзылуы, құрылғылардың қысқа тұйықталуы да табылған жоқ. Өрт от жағатын құрылғылар мен сіріңкені дұрыс пайдаланбаудан шығуы мүмкін», — дейді министр.

Еске салайық, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында өрт болып, бес бала қайтыс болды. Өрт кезінде әкесі жергілікті ауруханада жұмыста болған, ал анасы дүкенге кеткен. Өрттің алдын ала себебі, өрт жатын бөлмесінде өте тез тұтанатын материалға тиген. Балалардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша тергеліп жатыр.

Өрттің алдын-ала себебі — жанғыш материалдың бетіне ашық жалынның тиюі.