Әкім орынбасарының креслосы қанша тұрады? «Сапарбаевтың туыстары» пара алды деп айыпталды

0
19829
Фото: Кокшетау Азия

Youtube-тағы «Бәсе» арнасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков бас кейіпкер болған видео пайда болды, деп хабарлайды Politic.

Видео авторларының айтуынша, Мүбараков мырза Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметін бұрын ауыл әкімі болып қызмет еткен Райымбековке 5 миллион теңгеге сатқан.

Мәміле жоспардағыдай жүзеге аспай, Мубараков уәде етілген бес миллионның орнына үш миллион алған. Видео авторы нәтижесінде барлық келісімді жоюға тура келгенін және осыдан бастап аудан басшысында қиындықтар басталғанын айтады. Елордадан ауданға қаржы полициясының қызметкерлері келіп, олар Мубараковты және оған пара берген бірнеше делдалдарды ұстады.

Арна авторларының мәліметінше, Мубараков әкім орынбасары лауазымына тағайындау үшін де, көмекші етіп орналастыру үшін де 5 млн теңге алған.

«Қамбарбектің мықты «крышасы» бар. Үлкен ағасы – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, оның туған інісі, Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан және Жаңақорған прокуроры Алмат Абдуллаев», – делінген видеода.