Үйлері қираған кейбір тұрғын қапалы

0

Нағима Әбдіхалықова – Арыстағы әскери қалашық маңындағы Көктем шағын ауданы Көрнекті көшесінде тұратын жалғызбасты ана. Маусымның 24-інде болған жарылыс кезінде екі үйі бүлінген соң екі келіні мен алты немересін алып уақытша арнайы орын дайындалған негізгі мектепті паналап отыр.

Мектеп бөлмесін паналап отырған жарылыстан үйсіз қалған отбасы. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019

Мектеп бөлмесін паналап отырған жарылыстан үйсіз қалған отбасы. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019

Бір үйі тұруға мүлде жарамсыз деп танылып, құлатылған. Екіншісінің шатыры алынып, есік терезесі жұлынған. Әр жерден қабырға сылағы түсіп қалған үйді үлкен ұлы қарауылдап жүр. Нағима аудан әкімдігінің үйін жөндеуді әлі бастамағанын айтып шағымданады.

Арыс тұрғыны Нағима Әбдіхалықованың үйі. Арыс, 15 шілде 2019 жыл.

Арыс тұрғыны Нағима Әбдіхалықованың үйі. Арыс, 15 шілде 2019 жыл.

«ДОПША ДОМАЛАТАДЫ»

— «Бір айда бітіріп береміз» деген. Бітірмек былай тұрсын, жұмысшылар әлі келген жоқ. «Жұмысшылар жетпей жатыр» дейді. Кәдімгі допша домалатады. «Әне барамыз, міне келеміз» деп. Мектепте немерелерім қиналып жатыр. Осы үйді несие алып салған едік. «Сабыр сақта» дейді. Шыдамның да шегі бар ғой. Қашанғы отыра береміз? — дейді ол ашынып.

Жарылыс салдарынан бүлінген Көктем шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Жарылыс салдарынан бүлінген Көктем шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Нағима Әбдіхалықованың көршісі Ұлтуар Меркебаеваның үш бөлмелі үйінің қабырғасын снаряд тесіп өткен. Ол да үйін қарауылдап, жұмысшыларды күтіп жүр.

Арыс тұрғыны Ұлтуар Меркебаеваның үйі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл

Арыс тұрғыны Ұлтуар Меркебаеваның үйі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл

​Үйінің шатыры мен есік-терезесі алынған. Құрылысшылар снаряд тескен жерін «жамаймыз» деген. Ұлтуар қабырғаны бүгін жамағанымен ертең сөгіліп кете ме деп алаңдайды.

Арыс тұрғыны Ұлтуар Меркебаева. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыс тұрғыны Ұлтуар Меркебаева. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

— Төрт балам жан-жақта қаңғырып қалды. Адамның өмірі ойыншық болды ғой. Басымызға күн туғанда жұрт көмектесті. Үкіметтің қалтасынан ештеңе шыққан жоқ. Артық ештеңе сұрамаймыз, тиісті көмегін көрсетсін. Бізге де оңай емес қой, — дейді Ұлтуар Меркебаева.

Жарылыс кезінде зақымданған үйлер. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Жарылыс кезінде зақымданған үйлер. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Көктем шағын ауданынан қару-жарақ қоймасы жарылған Арыстағы әскери қалашықтың төбесі көрініп тұр. Кейбір үйлердің шатыры жабылып біткенімен терезесі салынбаған. Тұтас құлатылған немесе іші тазаланып жатқан үйлер де бар.

Арыста жөнделіп жатқан үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыста жөнделіп жатқан үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Әр жерден шатырын снаряд, не снарядтың жарықшағы тескен үйлер әлі тұр. Құрылысшылар көбіне шатыр жаңартып жатыр. Әр үйді бір адам қарауылдап қалған. Әйелдер құрылысшылардың тамағын әзірлеп әуре. Ойнап жүрген бала байқалмайды.

Арыста жүрген құрылысшылар. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыста жүрген құрылысшылар. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

​Кейбір аулаларда үй жиһаздары мен көрпе-төсектер көрінеді. Аптап ыстық, аңызақ жел мен шаң-тозаңнан қашып үйдің іргесінде көлеңкелеп отырғандар бар.

ҚҰРЫЛЫСҚА КӨҢІЛІ ТОЛМАЙТЫНДАР

Арыс қаласы әкімдігінің мәліметінше, әскери қалашыққа жақын орналасқан 482 үйдің барлығы жарылған оқ-дәріден зақымданған. 43 үй сүріліп, оның 29-ы жаңадан салына бастаған.

Арыста сүріліп жатқан үйдің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыста сүріліп жатқан үйдің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

419 үй жөнделе бастаған, екеуі жөнделіп біткен. Құрылысы аяқталған не басталған үйлердің кейбір иесінің жұмыс сапасына көңілі толмайды. Солардың бірі зейнеткер Ұлбике Шапанбаева жұмысшылар жөндеген үйінің шатырын қайта бұзуға мәжбүр болған. Оның айтуынша, үйдің шатырын құрылысшылар қисық жапқан. Баласының жолдастары асарлатып бұзып, қайта салып жатыр.

Арыс тұрғыны Ұлбике Шапанбаеваның ауласы. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыс тұрғыны Ұлбике Шапанбаеваның ауласы. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

— Обалы не керек, [әкімдік] құрылыс материалдарын, азық-түлігін берді. Терезе, есігіміз түсіп, жарамсыз болып қалған. Құрыған ғой енді. Қирап қалған соң төбесін аштық. Қайтеміз, көппен бірге көреміз, — дейді зейнеткер.

Жазира Ұсақова күйеуімен бірге снаряд түскен үш бөлмелі үйін айналып қарап жүр. Лай кірпіштен салынған үйдің сылағы түскен, шатыры алынған, есігі жұлынған, іргетасының әр жері жарылған.

Жазира Үсенованың үйі. Арыс, 15 шілде 2019 жыл.

Жазира Үсенованың үйі. Арыс, 15 шілде 2019 жыл.

Қабырғасы үгітіліп тұрған үйдің жаңадан салынған терезесі жабылмайды. Үйдің бұрышынан кірген снарядтың орны бекітілген.

— Мына дуалды (снаряд кіріп, ойық пайда болған қабырға — ред.) қайтадан сөккізіп, қалаттық. Құрылысшыларды күтіп отырмыз. Бала-шағамыз әр жерде шашылып жүр. Енді не істейтінімізді білмейміз, — дейді Жазира Ұсақова тамағына өксік тығылып. — Жарылыс болған күннің ертеңіне (маусымның 25-інде – ред.) үйге кірген снарядты өзіміз айтып жүріп алдырдық. Әркімге жалынып өлетін болдық. «Үйді сүріңіздер» десек, комиссия «қабырғасы мықты» дейді. Құрылысшылар: «Жарамайды, бұзу керек» дейді. Сонда біз шағымымызды кімге айтамыз? Істеп отырған тірліктеріне қарным ашады.

МЕКТЕПТІ ПАНАЛАП ҚАЛҒАНДАР

Арыста жарылыстан жарамсыз болып қалған үйлердің басым бөлігі темір жолдың екі жағында орналасқан. Қала ішіндегі үйлердің көбінің терезесі сынған. Кейбірінің шатыры тесілген. Әкімдіктің мәліметінше, жеке үйлерден бөлек қаладағы 104 көп қабатты үйдің сегізі жарамсыз болса, 59-ы зақымданған.

Жарылыстан кейін баспанасыз қалған Арыс тұрғындары паналап отырған мектеп ғимараты. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019 жыл.

Жарылыстан кейін баспанасыз қалған Арыс тұрғындары паналап отырған мектеп ғимараты. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019 жыл.

Жарамсыз болып қалған үйлердің 360-тан аса тұрғыны арнайы дайындалған қалалағы негізгі орта мектеп ғимаратын паналап жатыр.

Жарылыстан кейін үйсіз қалған отбасындағы балалар мектеп дәлізінде ойнап жүр. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019 жыл.

Жарылыстан кейін үйсіз қалған отбасындағы балалар мектеп дәлізінде ойнап жүр. Түркістан облысы Арыс қаласы, 15 шілде 2019 жыл.

Бір бөлмеге үш отбасыдан орналастырылған. Олардың бірі – Анарбаевтар отбасы «баратын жері жоқ» екенін айтады.

Арыс тұрғыны Марат Анарбаев. 15 шілде 2019 жыл.

Арыс тұрғыны Марат Анарбаев. 15 шілде 2019 жыл.

— Әскери қалашықтың жанында екі барак үй болатын. Сол жерде үш бөлмелі пәтерде 11 адам тұрдық. Үй қайта салынады ма, салынбайды ма, басқа жерден үй бере ме, жоқ па білмейміз. Мектепте оқу басталса, қайда барып сиямыз? — дейді отағасы Марат Анарбаев.

Мектеп бөлмесін паналап отырған баспанасыз отбасы. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Мектеп бөлмесін паналап отырған баспанасыз отбасы. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қыдырбектің есебінше, осы барак үйлерде 32 пәтерден болған, 40 шақты отбасы өмір сүрген. Әкімдік оларға жаңадан үй беру туралы шешім қабылдаған.

Баспанасыз қалған тұрғындар тұрып жатқан мектептің спорт залында жинаулы тұрған төсек орындар. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Баспанасыз қалған тұрғындар тұрып жатқан мектептің спорт залында жинаулы тұрған төсек орындар. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

— Үйдің жөндеуге не сүруге жататынын білу үшін арнайы лицензиясы бар мамандар тартылды… Көп қабатты не жеке үйлердің ішінен әлі де болса жарамсыз үйлер анықталып, көбеюі мүмкін. Құжаты жоқ үйлерді құжаттандырып, жөндеу жүреді, — деді әкім.

Арыста жарылыс кезінде зақымданған үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Арыста жарылыс кезінде зақымданған үйлердің бірі. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Мұрат Қыдырбек мыңдаған үй бір мезетте жөнделіп жатқандықтан шағымның да көп екенін растайды. Жөндеу жұмысына бір ай уақыт берілген. Бір айда зақымданған үйлер жөнделіп біткенімен, сүрілген үйлер салынып бітпеуі мүмкін. Кейбір объектілерде құрылысшылар мен құрылыс материалдары жетпейді.

Құрылысшыларға арналған жатын орын. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Құрылысшыларға арналған жатын орын. Түркістан облысы Арыс қаласы. 15 шілде 2019 жыл.

Жарылыстан соң қорқып қалған жұртты қайтару үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір ай xалықпен бірге Арыста өмір сүруге уәде еткен. Әкім маусымның 28-інде Арысқа көшіп келген. Мұрат Қыдырбектің айтуынша, Шөкеев Арыста үш бөлмелі жеке тұрғын үйді әкімдіктің екі қызметкерімен бірге жалдап тұрады. Арасында Түркістан қаласына барып қайтады. Апта сайын облыс әкімдігінің селекторлық жиыны Арыста өтеді.

— Облыс әкімінің қай мекен-жайда тұратынын көрсете алмаймыз. Жергілікті тұрғындар білсе, жалдап тұрған үйге барып шағымдануы мүмкін, — деді облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Жарылыс болған қоймадан бір километр қашықтағы тұрғын үйлер. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Жарылыс болған қоймадан бір километр қашықтағы тұрғын үйлер. Арыс қаласы, Түркістан облысы, 29 маусым 2019 жыл.

Қала әкімдігінің дерегінше, шілденің 15-і күнгі мәлімет бойынша Арыста 8417 үйдің 7178-і зақымданғаны анықталған. 186 жеке тұрғын үй мен 8 көпқабатты үй жарамсыз деп танылған. 1091 үй жөнделіп болып, 4362 үй әлі жөнделіп жатыр.

2019 жылғы маусымның 24-інде Арыс маңындағы әскери қару-жарақ қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарылып, ресми дерек бойынша үш адам қаза тапқан. Оның екеуі – әскери қызметкер, біреуі – бейбіт тұрғын. Билік Арыста бірнеше күндік төтенше жағдай жариялаған. Маусымның 27-сінде Шымкентте шеруге шыққан жүздеген арыстық соңғы он жыл ішінде төртінші рет жарылыс болған Арыс қаласына қайтып бармайтындарын айтып, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап еткен. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері арыстықтарды үйлеріне қайтуға шақырып, оларға үлкен қаладан баспана берілмейтінін мәлімдеген.

Azattyq