Үйленгендеріне 17 жыл болған ерлі-зайыпты берік отбасылық өмірдің құриясымен бөлісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Калифорниялық кәсіпкер ерлі-зайыпты 17 жыл бойы бірге өмір сүруге мүмкіндік берген мықты некенің құпиясын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

17

Құны миллиард доллардан асатын Quest Nutrition салауатты тамақтану компаниясын құрған Том мен Лиза Билие өздерінің Instagram парақшасына отбасылық байланыстарды қауіпсіз және сенімді сақтауға арналған 9 лайфхакты жариялады.

Том мен Лиза Билиенің отбасылық өмірінің ережелері

  1. Жиі жыныстық қатынаспен айналысу
  2. Бір-бірімен ынталы қарым-қатынас 
  3. Бір-біріне өз бетімен өсуге көмектесу
  4. Адал болу, әсіресе қиын кезде 
  5. Жақсы көшбасшы және жақсы ізбасар болу 
  6. Қателерді тез кешіру
  7. Бір-бірін қолдау
  8. Жарының жеңісін тілеу
  9. Некеге жоғары басымдық беру

«Төртінші тармағына нақтырақ тоқталып өтпекпін. Біреуді жақсы көргенде, оны тек бақытты көргіңіз келеді. Сондықтан оған жағымсыз нәрсе айту қиын.  Осындай сәттерде инстинкттер маған аузымды жауып тұруға кеңес береді. Бірақ мен бұл жағдайда үндемеу өтірік айтумен бірдей екенін білемін», — дейді Лиза Билие.

Ерлі-зайыптылар әртүрлі тақырыптар бойынша өмірлік кеңестерді жиі жариялайды. Жазбаларының бірі өзіне қалай сенімді болуға арналса, екіншісі — Том мен Лиза бір-біріне үйреткен сабақтар. Олардың Instagram-дағы парақшасына 134 мың адам тіркелген.

 

stan.kz