Home Жаңалықтар Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызының қозғалысы өзгереді

Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызының қозғалысы өзгереді

0
59

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бірінші сәуірден бастап жаңа №19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау» жолаушылар пойызы жүре бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне кейбір өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

1 сәуірден бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын, жаңа №19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау» жолаушылар пойызы жүре бастайды. Пойыз күн ара, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол стансасынан тақ күндері қатынайды.

3 сәуірден бастап №54/53 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Достық» бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына екі рет қатынайтын болады. Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтіледі.

№701/702 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде 6 рейс іске қосылады. Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурыз күндері, ал Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда аттанады.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап №321/322 «Алматы-2 – Нүкіс» бағытындағы жолаушылар пойызының маршруты Сарыағаш стансасына дейін қысқартылады және Алматы-2 стансасынан тақ күндері жөнелтіліп, күн ара қатынайды.

2 сәуірден бастап №309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» және №648/647 «Мискен-Бейнеу» жолаушылар пойыздарының құрамындағы «Маңғыстау-Нүкіс-Маңғыстау» бағытында тікелей қатынайтын вагондар алынып тасталады.

Тағы оқыңыз: Алматы-Қостанай пойызынан тоғыз бірдей жолаушының неге түсірілгені белгілі болды

1 сәуірден бастап №393/394 «Алматы-2-Алтынкөл» бағытындағы және №91/92 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынауын тоқтатады.

 №705/706 «Алматы-2-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы мына күндері: Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 26, 27, 28, 29, 30,31 наурызда уақытша жүрмейді.



sputniknews.kz