«Ұятсыз. Бетімен кеткен. Елді өзіне қаратудың бір жолы». Сиви Махмуди пластикалық операциядан кейінгі төсін көрсетті (ВИДЕО)

0
1669

Әнші Сиви Махмуди пластикалық отадан кейінгі төсін көрсетіп, елді бір шулатты, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі күні кеше ғана жалғыз өзі фотосессия жасады.

Жақында Сиви мамопластика жасатып, омырауын үлкейтті. Әнші кеудесіне операция жасату арқылы тағы бір арманына қол жеткізгенін айтқан еді.

Өнер иесінің сөзінше, әйел әрқашан жас әрі әдемі болып көрінуі тиіс.

«Әйел қанша жерден көп жұмыс істесе де, әрқашан әдемі көрінуі керек. Әйел адамы қаласа 30 жаста да қыз болып көріне алады. Бәрі қалай киінгеніне, боянғанына байланысты», — дейді Сиви Махмуди.

Жартылай жалаңаш омырауын көрсетіп мақтанған әншіні желі қолданушылары сынап тастады.

«Ұятсыз. Үш балаң бар жабық жүргенің дұрыс. Бетімен кеткен. Елді өзіне қаратудың бір жолы», — деп жазды желі қолданушылары.

Өнер иесінің айтуынша, үш бала туған ананың омырауы қанша жерден әдемі болса да, тартымдылығынан айрылады. Операциядан кейін әншінің өзіне деген сенімділігі артқан.