Мұсылмандар Құдайға серік қосқан зауыт директорын өртеп жіберді

0
2560

Пәкістанда бір топ адамдар Шри-Ланкадан келген зауыт директорын өлтіріп, оның мәйітін өртеп жіберді, деп хабарлайды kznews.kz сайты газета.ru порталына сілтеме жасап.

Оқиға Исламабадтан оңтүстік-шығысқа қарай 200 км жерде болған.

Пенджаб провинциясының Бас министрі Успан Буздар кінәлілерді тауып, оларды жауапқа тартуға уәде берді.

«Ешкімге заңды өз қолына алуға рұқсат етілмейді. Сенімді болыңыздар. Бұл әрекетке қатысы бар адамдар жауапкершіліктен құтылып кете алмайды», — деп жазды Буздар.

Бейнежазбада кісі өлтірген көпішіліктің тыйым салынған партияның «Техрик-и-Лаббайк Пәкістан» (TLP) ұрандарын айтқаны байқалады.

Еске салай кетейік, өткен жылы «Техрик-и-Лаббайк Пәкістан» партиясы француздық Charlie Hebdo журналына Мұхаммед Пайғамбардың карикатураларының жариялануына қарсы жаппай акциялар ұйымдастырған болатын.

Аударған, Оралбай МЫРЗАҚҰЛОВ