Бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметке тағайындалды

0
3026

Бүгін Алматыда кезектен тыс конференция өтіп, экс-министр Нұрлан Ермекбаев төралқа шешімімен қайта Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұрынғы ҚР Қорғаныс министрі бұл қызметте 2018 жылдан бері отыр.

Биыл команда Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медальды еншілеген. Ендігі чемпионат 2023 жылы өтеді және Қазақстан оған жолдама алған.

Еске салсақ, Нұрлан Ермекбаев тамызда орын алған Жамбылдағы жарылыстан кейін өз еркімен жұмыстан кетуге ниет білдірген. Президент оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған.

26 тамызда Жамбылдағы Байзақ ауданында әскери қоймада жарылыс орын алып, 17 адам мерт болып, 100 шақты адам зардап шеккен.