Тығылып жүрген 647 мигрант елден шығарылды
Әлемді жалмаған пандемия салдарынан елдегі мигранттардың көбі отандарына қайта алмай қалған.
Арнайы қаулымен олардың елде болу мерзімі ұзартылды. Жыл басынан бері 133 мың мигрант елдеріне қайтарылды. Өз еркімен кетуден бас тартқан немесе тығылып жүрген 647 адам сот шешімімен депортацияланған. Оларға 5 жыл бойы Қазақстанға келуге шектеу қойылды.
Үш мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, еліміз арқылы заңсыз транзит арнасын ұйымдастыру бойынша 27 қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетерлігі, бүгін Мәжіліс Қырғыз елі мен Қазақстан арасындағы көші-қонды реттеп, ынтымақтастықты нығайтатын құжатты мақұлдады.