Шымкент мешітінде әжелер мектебі ашылды

0

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің басқа да мүшелері қатысты.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, рухани тәрбие жұмысында аналардың орны ерекше екенін атап, үлкен институттың жұмысына сәттілік тіледі.