Тоқаев: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын

0
20
Сурет: zanmedia.kz сайтынан алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында осыдан бір жыл бұрын ДДСҰ-ның пандемия басталғанын мәлімдегенін еске салды.

«Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», — деп жазған еді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол ауырмаудың жолын іздеуге шақырды.

«Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», — деді Президент.