Туыстары күйеу жігітті өз тойнынан ұрып-соғып қуып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Пәкістанда ер азамат өзінің үйлену тойынан қашып кетті. Бұған себеп оның екінші тойына азаматтың бірінші әйелінің келіп шу шуғаруы болыпты. Ең қызығы, күйеу баланың бір емес екі некесі бар екендігі анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жених

Шындықты естіген қонақтар күйеу жігітті соққының астына алып, оның киімін жыртып тастапты. Ер азамат автобустың астына тығылып, аман қалған көрінеді.

Негізі Пәкістанда төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілген екен. Алайда ол үшін алдыңғыларынан рұқсат сұрау міндетті. Бірақ Асиф Рафик Сиддики есімді азамат жұбайларына айтпай, құпия үйленіп жүрген көрінеді. 

Сиддикидің үйлену тойына бала көтерген әйел кірген кезде бәрі аң-таң болыпты. Өзін не жағдай күтіп тұрғанын тек күйеу жігіт білген сыңайлы. Ер азаматтың бәйбішесі Мадиха Сиддики 2016 жылдан бері екеулерінің ерлі-зайыпты екендігін, 2018 жылы күйеуі оған айтпай тоқал алып алғандығын айтып беріпті. Ашуланған әйел той жайлы хабарламадан біліп қалған.

Күйеу жігітті сол маңда жүрген тәртіп сақшысы құтқарып қалыпты. Десек те ашуланған жұрт оны полиция бөлімшісіне дейін іздеп барған. 

Полицейлер аталған жағдайдың заңға қайшы еместігін жеткізіпті. Олар бұл жағдайға араласудан бас тартып, отбасылық жанжалды өздері шешсің депті. 

 

stan.kz