Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір ереже белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

64 0 0

Жол жүру ережесіне өзгеріс енгізіліп, газбен жүретін көліктерге арнайы белгілі орнатылады. Олардың нобайы әзірленіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Көлігі газбен жүретін қазақстандық жүргізушілер темір тұлпарына арнайы белгі орнатуға міндеттелуі мүмкін.


©
Sputnik /

Көлігі газбен жүретін қазақстандық жүргізушілер темір тұлпарына арнайы белгі орнатуға міндеттелуі мүмкін

Төтенше жағдайлар комитетінде тиісті эскиздер әзірленді. Жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.


©
Sputnik /

Газбен жүретін көлікке арналған белгі

«Белгілердің нобайы дайын. Оның біреуі паркингке кірген кезде күзетші көретіндей етіп орналасуы керек. Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес, көлікке қосымша құрылғы орнатылса, жол полициясы техникалық паспортқа арнайы белгі жасайды. Жүргізуші өздігінен қоя сала алмайды», — деген болатын комитет төрағасы Владимир Беккер.

Көлігіне газға арналған құрылғы орнатқысы келетін жүргізушілер өтініш жазуы керек. Қазақстанда техникалық төлқұжатта мұндай белгі жасалады.

Тағы оқыңыз: Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды

Еске сала кетсек, қаңтардың бірінен бастап Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй паркингіне қоюға тыйым салатын ереже күшіне енген болатын.

Мамандардың айтуынша, елдегі құрылыс нормасына сәйкес, мұндай көліктердің тұрғын үйдегі паркингке қойылуына рұқсат етілмейді.



sputniknews.kz