Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды

0
Мексикалық боксшы бұған дейін жиырма қарсыласын жеңген. Алайда бұл жекпе-жекте жолы болмады. Қазақстандық спортшы оны өзінің отанында нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші кездесуін өткізді.

Ол Мексиканың Тихуана қаласында тәжірибелі жергілікті боксшы Мауро Лоретомен (20-10-2, 8 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Құсайынов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

Абылайхан Құсайынов үшін бұл кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жек. Он кездесуі нокаутпен аяқталды. Ал мексикалық боксшы он бірінші рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айында Құсайынов үшінші раундта армян боксшысы Гарник Арутюнянді (3-2, 2 КО) жеңген болатын.

sputniknews.kz