Түркістанға көшіп келген жас мамандар шаңырақ көтеруде

0

2018 жылғы 29 желтоқсан 04:37 45

Түркістанға көшіп келген жас мамандар шаңырақ көтеруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Түркістан қаласында облыс орталығына көшіп келіп, отбасын құрған жас мамандар Ақтөре Болатұлы мен Арайлым Еркінқызы салтанатты түрде некелерін қиды. Айтулы шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шаңырақ көтерген жас отбасын құттықтап, сыйлық табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығын жариялаған соң Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласына көшірілді. Осында қызмет жасап жатқан түрлі басқармалар мен департаменттерде қызмет етіп отырған мемлекеттік қызметшілердің арасынан бір-бірін тауып, жас мамандар тұңғыш рет шаңырақ көтеріп отыр. Бұл да облыс үшін қуантарлық жайт. Отбасы — қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.  Елбасының «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Мемлекет басшымыз отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп келеді. Жас жұбайларды заңды некелерімен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтары берік болсын», — деді аймақ басшысы.

Түркістанға көшіп келген жас мамандар шаңырақ көтеруде
Сонымен қатар, облыс әкімі жас отбасыға әкімшілік-іскерлік орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйден кезексіз баспана алу сертификатын табыс етті.

Түркістанға көшіп келген жас мамандар шаңырақ көтеруде

Түркістанға көшіп келген жас мамандар шаңырақ көтеруде

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz