«Мамандығым иақтанышым» тренинг

0
294







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Мамандығым иақтанышым» тренинг

Автор: Жуанышева Камшат Ержанқызы

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Барлық материалдар Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2018-12-28


Материал туралы қысқаша түсінік

сросгрвшлыхздлшгпынгшоылдъхзщшгнавапролджээзщшгорнпавыапролшдщжзэзщшгненгшщзхъхзщшгнекапнргшщзжэ




Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? Білім беру саласы: Қатынас.Оқу ісәрекеті. Тіл дамыту.Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Кім немен ойнайды? Мақсаты:Білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру.Тәрбиелігі: Балаларға мамандықтың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғаммен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау, және мақтаныш ете білуге сезіміне тәрбиелеу.Дамытушылығы: әртүрлі мамандықтармен таныстыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.Сабақтың көргізбелігі: түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, интерактивті тақта, тіл дамыту дәптері.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың әдісі. Түсіндіру, сұрақжауап.Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар!Балалар бізге бүгін қонақтар келіпті амандасып алайық.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.Шаттық шеңберін құру.Балалар дөңгелене тұрып, бірбіріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:– Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені таныпбілеміз.Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу ісәрекетіміз»Мамандықтың бәрі жақсы»деп аталады.Өмір таны, өнер қу,Өнер табу – ол да оқу.Талаптансаң тартын ба,Өз күшіңде жол табу.Балалар сендер балабақшада күн де қандай мамандық иелерімен кездесесіңдер?( тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, бізге күнде дәмді тағам дайындап беретін аспазшы, сонымен қатар дене қызуымызды өлшейтін, дәрі беретін дәрігер апайымыз бар екен.Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.Кіріспе бөлім.Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер қандай мамандық иесі екенін айтасыңдар?Қолында қайшы тарағы,Тәртіпке шашты салады(шаштараз)Қалпағына қарасаң,Дәрігер емес бірақ олАс мәзірін қаласаАлға ұсынып тұрады ол(Аспазшы)Білім дәнін тереді,Балаға тәлім береді(Ұстаз)Осы жерде ұстаз, құрылысшы, аспазшы, мамандық иесі екені айтылып, мамандықтар туралы тақпақтар айтылады.Зухра ( ҰСТАЗ)Оқубілім ордасы.Ұстаз оның арнасы.Ұстаздық деген ұлы іс,Адамдықтың айнасы.Алмат(Құрлысшы)Қолда темір қалпағым,Саздан сарай қалады.Алматыдан аумайтынӘсем қала саламын.Арайлым ( аспазшы)Біздің гүл бақшада,Бар әсем асхана.Мен сондай аспазшыБоламын бақшада.Мұғалім ҚуанышкерейМұғалім, аспазшы.Жақсы оқып сабақты.Білім алып толамынБөбектерді оқытар,Мен Мен мұғалім боламын.(Слайдтан түрлі мамандық иесін көрсету)Тәрбиеші балаларға М. Хакімжанованың «Кім немен ойнайдыөлеңін мәнерлеп оқып беремін.Теңізші болатын балаБұлақпен ойнайды.Емші болатын балаСынаппен ойнайды.Батыр болатынын балаҚынаппен ойнайды.Жарықты жағатын бала.Шырақпен ойнайды.Шопан болатын балаҚозы лақпен ойнайдыДиқан болатын балаТопырақпен ойнайды.Ғалым болатын балаКітаппен ойнайды.Балаларға өлеңді екінші оқығанда өлең жолдарында кездесетін мамандықтарды саусақтарыңды бүгу санап отыруды тапсырамын.Сөздік жұмыс:Қынапқылыш салатын қорап.Жарықты жағатын бала – электрик.Балалармен өлең жолдарын талқылаймын.Сергіту сәтін жасаймыз.Менің мамам – дәрігер.Тіс ауырсаІш ауырса.Мамам дәрі береді.Барлық ана,Барлық бала,Оны жақсы көреді(Ә. МҰСАХАНОВ)2. Негізгі бөлім.Дәптермен жұмыс:Дәптердегі №16 тапсырма орындалады.Дидактикалық ойын « Кім жылдамҮстел үстіне түрлі мамандық мамандық иелерін қажет құралдарын қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды(шаштараз, аспаз, құрылысшы, дәрігер)Тәрбиеші: адам баласы белгілі бір іске қабілетті, дарынды болады.Өздеріңнің сүйікті істерің бар ма?«Менің сүйікті ісім» балалар жауаптары тыңдалады.Анита: Еңбек етсең, ертеңгіБақытыма сенемін!Мақсатыма жеткізерУақытыма сенемін!Али: Адамдықборыш ың,Халқыңа еңбек қыл.Ақ жолдан айнымай,Ар сақта, оны біл.Талаптан да білім мен өнер үйрен.Білімсіз, өнерсізБолады ақыл тұл.«Мазмұнды кейіпкерлі ойын»: «Дәрігер»Дәрігер ақ қалатты абзал жандар. Дәрігер өзінің жылы сөзімен науқасты емдейді(Ортаға науқас пен дәрігер шығады).Дәрігер: Сәлеметсіз бе! сізді қай жеріңіз мазалап дәрігерге көмекке келдіңіз, себебін айтыңыз.Науқас: Саламатсыз ба! Мені мазалап тұрған жерім ішім ауырып, сізге қаралуға келдім, қандай кеңес бере аласыз?Дәрігер: сараптама қорытындысы керек. Мазалаған жеріңізге көп уақыт болды ма?Сараптама қорытындысы, соңынан сізге ем беріледі?Науқас: рахмет, дәрігер міндетті түрде келемін. Сау болыңыз.Дәрігер кеңес беру: балалар атаананың рұқсатынсыз, үйдегі дәрідәрмектерді алуға болмайды.Ауруға ем іздегенше, ауырмайтын жолізде.Қорытынды:Балалар, бүгінгі сабақ та көптеген мамандық иесімен таныстық. Кәне, есімізге түсірейікші!Құрылысшы, дәрігер, аспазшы, диқаншы, шаштараз, батыр, ғалым, теңізші, шопан,Балалар мен мақал айтамын, сен жалғастырыңдар.Еңбектің наны тәтті,Жалқаудың ****** тәттіЕріншектің *******бітпес.Еңбек етсең******Абай атамыздың қанатты сөзі «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Біздің таңдауымыз әртүрлі, Біреуің ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.Тәрбиеші: – Балалар келген қонақтармен қоштасайық!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.