Түркістан облысында үшем дүниеге келді

0
84

Түркістан облысы Төлеби ауданында үшем дүниеге келді. Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бұл аймақта жыл басынан бері туған екінші үшем болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көметімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көп балалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

«Қорқыныштар болды, әрине. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін», -дейді үшемнің анасы.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.