«Халық білуге құқылы»: Қазақстанға шетелден әкелген асыл тұқымды малдан қауіпті аурулар таралуда

0
97
Сурет: filinecek

Қазақстанға асыл тұқымды малмен бірге қауіпті аурулар келді. Бұл туралы сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Асыл тұқымды жануарлармен бірге Қазақстанға қауіпті аурулар әкелгені белгілі болды. Сенатор өлген мал туралы ешкім хабарламағанына наразы.

Ақылбек Күрішбаев ел мемлекеттік субсидияны қоса алғанда, шетелден сиыр сатып алуға жарты миллиард доллардан астам қаражат жұмсағанын еске салды.

«Біздің қоғам осы импорттық малдың қаншасы өлгенін және жалпы жобада қойылған міндеттердің қаншалықты орындалғанын әлі күнге дейін білмейді, дегенмен білуге құқылы, ол тек жеке инвестициялар есебінен ғана емес, салық төлеушілердің ақшасымен де іске асырылған», – деді ҚР парламенті сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.