Түркістан облысында тұрғын үйдің жертөлесінде есірткі сақтаған азамат ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында есірткі сақтаған жергілікті тұрғын анықталды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарыағаш полиция бөлімшесіне кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторынан хабарлама келіп түскен. Қызмет көрсетілетін әкімшілік жерде алдын алу шаралары кезінде ол есірткі сақтаған күдіктіні анықтаған.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері учаскелік инспектормен бірге көп қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде көрсетілген мекен-жай бойынша күдіктіні ұстаған. Сарыағаш тұрғынының қалтасынан тінту кезінде жедел уәкілдер өсімдіктен алынған есірткісі бар сіріңке қорабын тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат – салмағы бір граммға жуық марихуана екені анықталды.  

Аталған факті ҚР ҚК-нің «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

stan.kz