Түркия Босфор мен Дарданелл бұғазы арқылы өту құнын бес есе арттырады

0

Түркия Босфор мен Дарданелл бұғазы арқылы өту құнын бес есе арттырады, деп жазады Sabah басылымы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап. Жаңа тарифтер 7 қазанда күшіне енеді. Ресми түрде бұл ақпарат расталмаған.

Жаңа өзгеріс кемелердің бұғаздар арқылы өтуінен түсетін жыл сайынғы табысты $40 млн-нан $200 млн-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

1936 жылы Монтре конвенциясына қол қою кезінде алымдар мөлшері Француз франкінде анықталды. Бұл валюта айналымнан шыққан кезде Түрік лирасы мен доллары қолданыла бастады.

Ұзақ уақыт бойы инфляция мен алтын бағасының өсуіне қарамастан 1 — 0,29 г алтынға тең болды. 1983 жылы Түркия 1 франкті 0,8 долларымен есептеді. Енді Анкара оның құнын 4 долларға дейін арттыруды шешті. Алым мөлшерін есептеу кезінде бұл сома кеменің нетто-тоннажына көбейтіледі.

Фото: ru.armeniasputnik.am