Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

0

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан облысының жаңа әкімі тағайындалды.

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы

Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған. 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.