Түріктің атақты актерлері елге қандай көмек берді?

0

Түркиядағы жер сілкісінен кейін қаншама елдер, сонымен қатар атақты азаматтар қолдан келгенше көмек қолын созып жатыр. Оның ішінде танымал әртістер де бар.

Актер Бурак Дениз өзінің жеке жинақтарын зардап шеккендерге көмек қорына аударды. Еріктілерге Түркияның қираған аудандарына жөнелтетін заттарды дайындауға көмектесті.

Актер Арас Булут Йейнемли жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қорына 10 мың доллар аударды.

Демет Өздемир мен Эльчин Сангу гуманитарлық көмек жинауға және жіберуге қатысты.

Актер Кыванч Татлытуг 10 мың доллармен ғана шектелмей, зардап шеккенердің уақытша қонысы мен тамақтануы үшін бар жауапкершілікті мойына алды.

Мерт Рамазан Демир отбасымен бірге көмек көрсетіп жатыр. Афра Сарачоглу мен Берил Позам қазіргі таңда көмек жинау пунктінде.

Ақпарат:  http://holanews.kz