Тұңғыш президент мерекесіне орай 10 822 теңге кімдерге беріледі?

0

Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 10 822 теңгеден беріледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана  әкімдігінің ресми сайтына сілтеме  жасай отырып.

1 желтоқсан қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі. Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды. Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі — 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.  Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 4,5 АЕК құрайды.

«Қамшы» сілтейді