«Арманым – 60 келі болу»: Айшолпан Тілеутай екі айда 30 келі салмақ тастағанын айтты

0

Белгілі айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайдың денсаулығы сыр беріп, ота жасап, салмақ тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 жастағы бойжеткеннің салмағы 135 келіге дейін жеткен. Түркия еліне барып, асқазанына ота жасады.

“Ел арықта деп келемеждеп, мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын! Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз Стамбұлға кел деп шақырғасын, ота жасаттым. 135 келі салмаққа жетіп едім, екі айда 30 келідей салмақ тастадым. Мені көрген жұрт таңғалып жатыр. Арманым – 60 келі болу”, – деп жазды айтыскер ақын.

Сондай-ақ сөз барысында ақын қыз өнердегі әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваға алғыс айтты. Салмағының түсіп, дұрыс тамақтануына тікелей себепкер болған көрінеді.

“Апатайыма деген құрметім шексіз! Әпкелік қамқорлығын көрсетіп, “Айшолпан қыз, сенің қолыңнан бәрі келеді” деп биыл менің Стамбұлға барып ота жасалуыма да себепкер болған Айнұр апам еді. Отадан соң жанымда болып, психологиялық көмек берді, үйіне алып кетіп бар жағдайымды жасады. Осы күнге дейін қандай жағдай болмасын, мен туралы сыртымнан кім не айтса да үнемі мені қолдап, қорғап жүретін апам. Апамның жақсылығын, қамқорлығын жазсам таңды-таңға соғар әңгіме бар!”, –деп ризашылығын білдірді өнер иесі.

Еске салайық, айтыстың атасы Жүрсін Ерман Айшолпанның айтысы ұнамайтынын айтқан еді.