Түнде Алматыда жеңіл жүрісті 30 қыз ұсталды

0

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында 8 саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар «дене массажы», «СПА-салон» және «сауна» белгілерімен жұмыс істеді.

СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450 бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды, — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Елнұр Кұдретбаев.

Сонымен қатар, спикер жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді іс-шара нәтижесіндегі құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың жеке тұлғаларын басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға әкелгенін атап өтті.