Қарағанды облысында алимент төлемеген 29 әке жауапқа тартылды

0
52
Сурет: StockSnap

Ағымдағы жылдың ақпанындағы сот үкімімен бейресми табысы бола тұра бірнеше жыл бойы алимент төлемей, 1 миллионға жуық сома берешегі жиналып қалған облыс тұрғыны мәжбүрлі еңбекке тартумен бас бостандығын шектеуге сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Жалпы бүгінгі күні алимент төлемеуге қатысты 29 қылмыстық істер аяқталды, олар бойынша 7 тұлға сотталды, ал 22 борышкер 20 миллионнан астам соманы төлеп, жәбірленушілермен бітімгершілікке қол жеткізді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында облыстық прокуратура органдары бұдан әрі де Сот орындаушылары палатасымен және Полиция департаментімен бірлесіп, алимент төлемейтін тұлғаларға қарсы күреске бағытталған жұмысты жалғастырады.

Сонымен қатар баланы күтуге қаражат төлеуден үш айдан ұзақ жалтару Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікке соқтыратынын түсіндіреміз.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету