Түймебаев ҚазҰУ ректоры болып тағайындалды

0

Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды aigak.kz.

Жансейіт Қансейітұлы әр жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап); Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016) Түркістан облысы әкімі (20.06.2018), сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды

Марапаттары:

Құрмет ордені (2003), Парасат ордені (2011), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008), Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011), «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011),

«Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011), Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015).

Еңбектері: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 1985 ж.), «Қазіргі тіл лексикологиясы» (Алматы, 1986 ж.), «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті нысандары» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтама» (Алматы, 1996 ж.), «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл» (Анкара, 1996 ж.), «Президенттің бір жылы» (Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы бойынша практикалық нұсқаулығы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 2005 ж.), Қазақ-моңғол лексикалық параллельдері: Қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар (Мәскеу, 2005 ж.), «Қазақстан» (Мәскеу, 2006 ж.), «Алтай тілдеріндегі анлаутты еріндік дауыссыздардың мәселесі» (Рамстедт-Пеллио фонетикалық заңының ревизиясы) (Москва, 2005 ж.), «Алтай теориясының және алтайтанудың қалыптасуы және дамуы» (Түркістан, 2006 ж.), «Түрік-қазақ-моңғол этнотілдерінің өзара қатынастарының тарихы» (Алматы, 2006 ж.), «Түркі-моңғол лексикалық параллелдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан шектеудің критерийлері мен теориялық ұстанымдары» (Астана, 2008ж.), «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Туран тілдік одағы» (Көкшетау, 2009ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері» (Астана, 2010 ж.), «Қазіргі заманның бірегей ғалым ‒ориенталистісі. Алтаист-түрколог А.Рона-Таштың 80 жылдығы» //Алтаистика и тюркология журналы, 2011ж., «Қазақстан негізгі кезеңдері» (Анкара, 2011 ж., түрік тілінде), «Туран тілдің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралық, мәдениеттераралық интерференция құбылысы//Түркі дүниесі. Альманах.( Астана, 2012ж.), «Қазақстан. Экономика. Инвестициялар. Маңыздылығы» (Анкара, 2012 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан –Түркия: жоғары деңгейлі стратегиялық ыңтымақтастық» (Анкара, 2013 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа — 20 жыл» (Анкара, 2013 ж.), «Көне түркі жазба ескерткіштірі тілінің морфологиялық жүйесі» (Астана, 2013 ж.), «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі» (Астана, 2013 ж.), «Алтайтануға кіріспе» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі филологиясына кіріспе» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.), «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.),

«Қазіргі түркі тілдері» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркітанудың тарихи лингвистикалық негіздері» (Астана, 2014 ж.), «Қазақ, түрік салыстырмалы граматикасы» (Астана, 2014 ж.).