Toyota Land Cruiser 300 фотолары жарияланды

0
Көпшілік күтіп жүрген жол талғамайтын көліктің ішкі көрінісі Ресейде түсірілген.
Blog.Autospot.ru порталы 2021 жылы жарық көреді деп жоспарланған Toyota Land Cruiser 300-дің эксклюзивті суреттерін жариялады. Басылым авторларының жазуынша, көлік қазір Ресейде, деп хабарлайды QAZ Kolesa.kz.
Фотосуреттерден машинаның сыртқы бейнесі анық көрінбейді, жол талғамайтын көлік ақ пленкамен жабылған. Бірақ «үш жүздіктің» кең шанағы туралы болжамдар шындыққа айналған секілді. Сондай-ақ, жарықдиодты шамдар мен үлкен радиатор торын байқауға болады.
«Тыңшылар» көліктің салонын недәуір анық түсірген. Кадрларда ортасында үлкен экраны бар саймандар панелі, үш спицалы рөл, планшеті 12 дюймді құрайтын алдыңғы панель көрсетілген. Toyota дизайнерлері климатты басқары жүйесін, орындықтарды жылыту және желдету батырмаларын өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ, Mode Select шайбасы да назар аударады, оның жанында жүріс режимдерін таңдау және Toyota Multi-Terrain Select (MTS) жүйесінің батырмалары орналасқан.
Басылым авторларының хабарлауынша, LC300-дің рамасы өзгерген жоқ, бірақ бұрынғы қозғалтқышымен қоштасты.
Капотының астында 3,5 литрлік V6 турбомоторы орнатылған. Тағы бір маңызды ақпарат, модельде биометриялық сәйкестендіру жүйесі бар. Автокөлік орындықтың, айнаның, мультимедиянының жеке параметрлерін саусақ ізімен есте сақтайды.