Home Жаңалықтар «Қазақи төзімділігіңізге сонда тəнті болғам»

«Қазақи төзімділігіңізге сонда тəнті болғам»

0
191
Сурет: https://dalanews.kz/
Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаева желідегі парақшасында Жансейіт Түймебаев туралы жазба қалдырды.
«Құрметті Ж.Түймебаев мырза!
Сізді Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын.
Сіз Білім жəне ғылым министрі болып тұрған кезіңізде журналист қызметіне жаңа кіріскен бізбен бірге Алматы маңындағы Боралдай орта мектебінің ашылу салтанатына қатысып едіңіз. Рәсім кезінде қасыңызда тұрған мен байқаусызда Сіздің аяғыңызды басыппын. Бірнеше минут бойы өткір өкшемен Сіздің жұмсақ туфлиіңіздің үстін басып тұрғанымды өзім де байқамаппын. Сіз де аяғыңыздың ауырғанын білдіртпей шыдап тұрдыңыз. Аяғым жұмсақ нәрсенің үстінде екенін сезген соң барып көрдім де, кешірім сұрадым. Сіздің қазақи төзімділігіңізге сол кезде тəнті болғам…
Білім ордасы КазГУ-дің беделі К.Нəрібаев ректор қызметінен кеткен соң күрт құлдырады. Магистратура, докторантурадағы орындар сатылатын болды. Менің өзім 2004 жылы магистратураға түскенде тиесілі орныма күресіп жүріп қол жеткізгенімді ұмытпаймын.
Диплом тұрмақ рефератты біреуге ақша төлеп жаздыратын шөпжелкелер коррупционер декан, проректорлардың демеуімен көтеріліп, бүгінде КазГУ -дің тетігін ұстап отыр. Плагиат доценттер беті бүлк етпестен үйреншікті ісімен айналысуда, ал Сіздің алдыңыздағы мырза болса университет ішіндегі былықпен ісі жоқ, профессор əйелдердің үйінен ет жеп аттестациядан өткізгенін сол мұғалімдер мақтанышпен айтып жүр.
«Ш.Жылқыбаеваны КазГУ -ге жолатуға болмайды, төңкеріс жасайды» деген мəндегі қара күйе документ жасап, университеттің кадр бөлімінде сақтатып отырған 2001-2008 жж.ректор Т.Қожамқұлов (Сіздің алдыңыздағы ректордың кеңесшісі) сияқтылар тұрғанда КазГУ көркеймейді, құлдырағанның үстіне құлдырай береді.
«Шындықтың тәтті болған кезі жоқ, ол қашанда ащы» деген ұстазымыз академик Т.Кəкішұлының сөзін бүгін еске алсақ артық болмас», — деп жазды Шарафат Жылқыбаева.