Home Жаңалықтар Трамп коронавирусқа қарсы қандай препарат қолданып жүргенін айтты – Қазақстан жаңалықтары

Трамп коронавирусқа қарсы қандай препарат қолданып жүргенін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
57

Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте коронавирустық инфекцияны жұқтыруды алдын алуда гидрокихлорохинді қабылдай бастағанын айтты, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

трамп

Хлорокин және оның туындысы, гидроксиxлорохин малярия мен қызыл жегі ауруы кезінде қолданылады.

«Мен оны шамамен бір жарым апта бойы қабылдадым және әлі сіздермен біргемін», – деді Трамп.

Гидроксихлорокиннің коронавирустық инфекцияны алдын алуда тиімді екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ, дегенмен клиникалық зерттеулер АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Қытайда жүргізіліп жатыр.

Трамптан дәрінің тиімділігі туралы сұрағанда, ол: «Менің дәлелдерім, бұл жайында көп оң пікір алдым», – деп айтқан.

Трамп осыған дейін бірнеше рет гидроксихлорокинді қолдануға шақырған, бұл препаратты Covid-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер қабылдағанын атап өткен.

«Сіз оны қанша адам қабылдайтынын білсеңіз, таңғалар едіңіз, әсіресе эпидемияға қарсы жұмыс істейтіндер бұл препаратты қолданады», – деді ол журналистерге.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) сәуірде коронавирусқа қарсы гидроксихлорохиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ешқандай дәлел жоқ деген ұсыныс жасады.

stan.kz