«Мәңгілік полк» онлайн-шеруі 20 млн рет тамашаланды

0

Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. «Мәңгілік полк» онлайн-шеруінің трансляциясы 20 млн рет қаралды. Ұйымдастырушылар шеруді тамашалағандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы «Мәңгілік полк» онлайн-шеруіне аталарының суреті мен ол туралы ақпарат жібереді, кейін фотоның экранға шыққанын күтеді.

«Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр. Кейбір анкета толықтыру үшін тұрғындарға қайтарылды», — деді акция ұйымдастырушылары.

Онлайн-шеру www.polkrf.ru сайтында және Халықаралық Мәңгілік полктың www.polk.press сайтында, сондай-ақ, ВКонтакте, Одноклассники әлеуметтік желілері мен «Okko» онлайн-кинотеатрында көрсетіледі. Ол жобаға қатысуға тапсырылған соңғы өтінішке дейін көрсетілетін болады.

Қатысушыларға аталарының суреті қай уақытта көрсетілетіні туралы хабарлама жолданады.

Жоба серіктестері Сбербанк пен Mail.ru Group. Басты ақпарат серіктесі —  «Аргументы и факты» баспа үйі, таяу шетелдегі ресми ақпараттық серіктесі — Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі.



sputniknews.kz