Төсекте жатып керілген қыз инсульт алып, денесінің бір бөлігін қозғалта алмай қалған — Қазақстан жаңалықтары

0

Наурыз айының басында фельдшер болып жұмыс істейтін Натали Куницки төсекте фильм көріп жатып керіліп, мойнын қытырлатқан екен. Осы кезде ол мойнынан «қытыр» еткен қатты дыбысты естіпті. Алайда бұл жайтқа мән бермеген. Ал арада 15 минут өткеннен кейін ол сол аяғын қозғай алмай, орнынан тұрғанда құлап қалады. Сөйтсе, ол инсульт алған болып шықты.

Төсекте жатып керілген қыз инсульт алып, денесінің бір бөлігін қозғалта алмай қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Натали әрең дегенде телефонға жетіп, жедел жәрдем шақырған. Ауруханада оған компьютерлік томография жасалып, нәтижесінде қыздың инсульт алғаны анықталады. 

Қыз төсекте жатып керілген кезде омыртқадағы қан тамырын зақымдап алған екен. Соның салдарынан оның миында қан ұйып қалып, инсульт алуына себеп болыпты. 

Дәрігерлер пациентке қан тамырын қалпына келтіру бойынша ота жасады. Алайда олар қыздың миында ұйып қалған қанды алып тастай алмапты. Сондықтан дәрігерлер ұйыған қан уақыт өте келе өздігінен кетеді деген ортақ пікірге келген. 

Төсекте жатып керілген қыз инсульт алып, денесінің бір бөлігін қозғалта алмай қалған

Куницки диагнозды естігенде қайран қалып, бірнеше күн бойы өзіне келе алмаған. Денесінің сол жақ бөлігін басқара алмай қалған қыз артынша емдік гимнастика жасай бастапты. Оған ауруханада бірге жұмыс істейтін достары қолдау білдірген.  Бар уақытын жаттығуға жұмсаған Натали наурыз айының соңында аяқ-қолының сезімталдығы қайта пайда болғанын сезген. Осыдан кейін ол үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта қыз өзі киініп, 5 минут шамасында жүріп-тұра алады. 

Осы жағдайдан кейін фельдшер өз басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, кез келген жаста сүйекті қытырлатудың қауіпті екенін ескерткісі келген. Алайда дәл осындай жағдай миллионның бірінде ғана орын алады екен. 

Ал дәрігерлер қыздың толықтай сауығуы үшін 6 айдай уақыт керек екенін айтады. 

stan.kz