Сәкен Майғазиев: «Емтиханнан сүрінбей өттім» — Қазақстан жаңалықтары

0

Сәкен Майғазиев докторлық диссертация қорғау алдындағы емтиханнан сүрінбей өткендігі жайлы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәкен мен әйелі

«Алланың қалауымен, сіздердің тілектеріңізбен докторлық қорғау алдындағы емтиханнан сүрінбей өттім. Рахмет! Құшақтадым!», — деп жазды әнші Instagram парақшасында. 

Өнер иесі былтырғы жылдың желтоқсан айында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалған болатын.

 


Сәкен Майғазиев ізін суытпай өзі жұмыс істеп жүрген оқу орнында докторлық диссертациясын қорғауға дайындықты бастап кетті.

Әншінің жетістігіне қуанған желі қолданушылары ыстық лебізін жеткізді.

 



stan.kz