«Төрт баламның да Алматыда пәтерлері бар»: Айқын мақтануда

0

Айқын Төлепберген төрт перзентіне Алматы қаласынан пәтер алып қойғанын айтты. Бұл туралы ол «НТК» телеарнасының «Ревю» бағдарламасында айтты.
Бүгінде екі отбасынан 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған Айқын Төлепберген балаларының болашағы үшін тынбай еңбек етуде. Өнер иесі төрт бүлдіршінін бөліп-жармай, барлығына бірдей қамқорлық танытады.
Ол балаларының әрқайсысына жеке-жеке пәтер алып, баспанамен қамтамасыз етіп қойғанын айтады.
«Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым — төртеуінде де Алматы қаласында пәтер бар», — дейді ол.Естеріңізде болса, бұған дейін Айқын Төлепберген мен жұбайы Жұлдыз Өмірғали Мәскеудегі Третьяков галереясында Брежневтің фонында сүйіскен сәтімен бөлісіп, ел ашуын тудырған болатын.
Шулы оқиғаға қатысты жұлдызды жұп кейін пікір де білдірген еді. Айтуларынша екеуінің сүйісіп түскен суреті желіде мұндай үлкен резонанс тудыратынын олар білмеген екен.

Ал, Жұлдыз Өмірғали жолдасымен олай түскен суреттің еш әбестігі жоқ деп ашық айтты.