Тоқаевтың телефон маркасын білген қазақстандықтар қатты таңғалды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында суретін бөлісті. Көпшілік суреттің қандай телефонмен түсірілгеніне мән беріп, президенттің қарапайымдылығына риза болды.

Президент желідегі суретінің тұсына «Жаңа жылдың бірінші күні» деп жазып, екі суретін бөлісті. Желідегілер жаңа басшыларымен мақтанатынын жарыса жазып, денсаулық тіледі. Сондай-ақ, көпшілік суреттің қандай телефонмен түсірілгеніне мән берген. Арасында мұны мемлекет деңгейіндегі жарнама деп бағалағандар да бар.

Екінші суреттегі жазудан оның Redmi Note 9S маркалы телефонмен түсірілгенін байқауға болады.

Дәл бүгін аталған телефонның дүкендегі бағасы 99 990 теңгені құрайды. Қазақстандықтар мұндай бағаның президент үшін тым арзан екенін айтады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

«Ого телефон менікіндей редми екен ғой», «Атам редми ұстайды», «Президент REDMI ұстай ма? Сене алмай отырмын», «Редми ұстайтынына таңғалып отырмын», «Неге ұстамасқа? Бәріне айфон ұнай бермейді ғой» деп жазды желідегілер.